Мексикаға соңғы жарты ғасырдағы ең күшті дауыл келе жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикаға соңғы жарты ғасырдағы ең күшті дауыл келе жатыр

23.10.2015
Мексикаға соңғы жарты ғасырдағы ең күшті дауыл келе жатыр

Тынық мұхитының үстімен кетіп бара жатқан «Патрисия» дауылы Мексика жағалауларына жақындағанда Саффир-Симпсон бағаны бойынша, 5-ші дәрежеге жеткен.

Метеорологтар қазір бұны Тынық мұхитының үстінде пайда болған ең мықты дауылдардың бірі деп отыр, деп хабарлайды segodnya.ua.   

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын әрқайсысы «Патрисиядан» айтарлықтай кіші «Ингрид» және «Мануэль» дауылдары бірнеше жүз мексикандықтың өмірін жалмаған болатын.

 
Онда жүздеген адам зардап шегіп, материалдық шығын миллиардтарға жеткен болатын.

Хабарламаларға жазылу