Мәнерлеп сырғанаудан 2015/2016 Гран-при маусымының алғашқы кезеңі қазан айында басталса, соңғы кезеңі желтоқсан айында аяқталады.
Әлемнің үздік ерлер мен әйелдер мәнерлеп сырғанаушыларының арасында өтетін турнир 6 кезеңнен тұрады. Қытысыушылар еркін бағдарлама, жұптық сырғанау және мұз биі санаттары бойынша сынға түседі. Жарыстың ең үздік алты спортшысы жыл соңында Гран-при турнирінің ақтық сайысына қатысуға жолдама алады.
Биылғы турнирге 15 жастан асқан спортшылар қатыса алады.
Гран-при маусымының кезеңдері – 2015:
1 кезең: «Skate America 2015» АҚШ, Милуоки 23-25 қазан.
2 кезең: «Skate Canada 2015» Канада, Летбридж 30 қазан және 1 қараша.
3 кезең: «Cup of China 2015» Қытай, Бейжің 6- 8 қараша.
4 кезең: «Trophée Eric Bompard 2015» Франция, Бордо 13-15 қараша.
5 кезең: «Cup of Russia 2015» Ресей, Мәскеу 20-22 қараша.
6 кезең «NHK Trophy 2015» Жапония, Нагано 27-29 қараша.
Гран-при кезеңінің финалы: Испания, Барселона 10-13 желтоқсан.
Әр кезеңде 1-орын иеленген спортшыға 15, 2-орынға 13, 3-орынға 11, 4-орынға 9, 5-орынға 7, 6-орынға 5, 7-орынға 5 және 8-орын алған мәнерлеп сырғанаушыға 4 балл беріліп отырады.
Қазақстан атынан бұл жарысқа қыздар арасынан Элизабет Тұрсынбаева, ал ерлер арасынан Денис Тен қатысады.
Былтыр бұл кезеңде ерлер арасында жапониялық Тацуки Матида, әйелдер арасында ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова чемпион атанған.
Еске сала кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 25 қазан күні сағат 00:45-те Гран-при турнирінің гала-шоуын тікелей эфирде көрсетеді.
Ал, «KAZsport» телеарнасынан «Skate America-2015» Гран-при жарысын 23-25 қазан күндері тікелей эфирден көре аласыз.