Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Израильмен тең ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Израильмен тең ойнады

23.10.2015
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Израильмен тең ойнады

Қазақстан әйелдер құрамасы өз алаңында өткізген екі ойыннан кейін сырт алаңда Израиль құрамасымен кездесті.

Калоян Петков шәкірттері ойында басымдыққа ие болып, қақпаға бағытталған соққылардың саны бойынша қарсыластарынан үш есе асып түсті. Алайда, қарсыластар есеп аша алмай, 0:0 есебімен тарқасты. Қазақстандық футболшылар бір ұпайға ие болып, турнир кестесінде төртінші орынға тұрақтады. Келесі ойын 26 қараша күні сырта алаңда Уэльс құрамасымен өтеді, деп хабарлайды ҚФФ.

Израиль – Қазақстан 0:0 (0:0)

Израиль: Шамир, Равитц, Софер, Шелина (Эфраим 77), Твилль (к) (Накав 89), Фалькон, Фридман, Саде, Барки, Шафф, Сендель (Бар-Оз). Резерв: Кадори, Коэн, Давид, Лево

Қазақстан: Железняк, Жанатаева, Қырғызбаева (к), Красюкова, Ялова (Хайруллина 90+4), Бабшук (Құлмағамбетова 78), Мясникова, Әйтімова, Жолшиева, Пяткина (Кәрібаева 40), Вылданова. Резерв: Гребенюк, Демидова, Бортникова, Жұмабайқызы

Ескерту: Твилль 31 – Жолшиева 46

Төрешілер: И.Мартинчич (Хорватия), Л.Ройц (Хорватия), Б.Видович (Хорватия)

22 қазан. Израиль. Лод.

Хабарламаларға жазылу