Алматыда банк секторы мен бизнес өкілдері бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымлар нысандарын салатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда банк секторы мен бизнес өкілдері бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымлар нысандарын салатын болады

22.10.2015
Алматыда банк секторы мен бизнес өкілдері бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымлар нысандарын салатын болады

Осы құжаттар аясында емдеу- сауықтыру, білім беру нысандарын жөніндегі жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлік секторына қолдау көрсету қарастырылған.

Меморандумға сәйкес «ForteBank» АҚ кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие бөледі, қаланың Әуезов ауданында бала бақша салынады, бос жатқан жерлер мен өндіріс орындары қаланың әлеуметтік- экономикалық бағытында жұмыс істейтін болады.

«Завод «Электрокабель» ЖШС жасалған келісім аясында қаланың Наурызбай ауданында кезегіне 500 адам қабылдайтын емхана салынады, жобаның құны 1,2 млрд. те ңгеге бағаланған.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің әлеуметтік- экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтты және компанияларға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу