Астанада этномәдени бірлестіктердің есеп беру концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада этномәдени бірлестіктердің есеп беру концерті өтеді

22.10.2015
Астанада этномәдени бірлестіктердің есеп беру концерті өтеді

23 қазанда, сағат 19:00-де «Жастар» сарайында «Чен РЮ» халықтық вокал ансамблі  мен «Станичники» казактар  хорының  есеп беру концерті өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қалалық бөлімшесі мен  Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ.

Шараның басты мақсаты – ұлттардың өз тіліндегі өнеріне қолдау көрсету, ұлт мәдениеттеріне тағзым ету, қазақстандықтардың арасындағы достықты нығайту және өскелең ұрпақты толеранттылық рухында тәрбиелеу.

Шара аясында этномәдени бірлестіктер шығармашылық көріністер қояды. Атап айтқанда, хор, вокалды топтар өнері, жеке ән айту, ұлттық аспаптар ансамблі, хореография және мемлекеттік тілде қойылған көріністер ұсынылады.

 

Хабарламаларға жазылу