Өткен тәулік ішінде Шекара қызметінің «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары контрабандалық жолмен 36 дана ұялы телефонды алып өтпек болған қазақстандық азаматтарды ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
Қазақ-қытай мемлекеттік шекарасының аралығында орналасқан «Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығынан» елімізге қарай келе жатқан 1993 жылы туған Мақсат есімді азаматты тексеру барысында, оның қол жүгінен жарияланбаған 26 дана «iPhone 6» ұялы телефоны табылды.
Келесі оқиға да осы бекетте орын алған. Шекарашылар Жазира есімді 1986 жылы туған азаматшаны тоқтатып, оның қолжүгін шекаралық тексеру кезінде 10 дана «iPhone 5S» ұялы телефонын анықтаған.
Аталған деректер бойынша материалдар «Алтынкол» кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді.