Филипиннің солтүстігіне соққан тайфунның салдарынан мерт болғандар 47 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филипиннің солтүстігіне соққан тайфунның салдарынан мерт болғандар 47 адамға жетті

21.10.2015
Филипиннің солтүстігіне соққан тайфунның салдарынан мерт болғандар 47 адамға жетті

Табиғат апатының салдарынан із-түссіз жоғалып кеткендер де бар.

Осыған дейін 22 адамның мерт болғаны туралы хабарланған. Тұрғындар негізінен тайфун салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндердің және құлаған талдардың салдарынан құрбан болған. 

Ал, Ассошейтед пресс болса, қазіргі таңда тайфуннан 500 адамның зардап шеккендігін айтуда. Филипин мемлекетінің алғашқы бағалаулары бойынша ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымына келтірілген шығын 115 миллион долларды құрап отыр.   

«Корри» тайфуны Филипиннің солтүстік жағына соқты. Соның салдарынан су тасып, көшкін жүрді. Ондаған адамдар үйлерін тастап, қауіпсіз аймаққа кетуге мәжбүр болды. Жұма күні елде дауылдың шектен тыс күшті болатындығы жөнінде ескерту жасалды.    

 

 

 

Хабарламаларға жазылу