Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында ҚР Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік жұмыстар бөлімінің жетекшісі Олжас Сыдықбек қонақта болып, қызметі мен шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті.
«Ұлттық музейде қараша айының 26-сы күні «Жұлдызды гид» шарасын ұйымдастырамыз. Онда эстрада жұлдыздары музейде бір күн экскурсовод болады. Әр залда Досымжан Таңатаров, Майра Ілиясова, Тамара Асар сынды әншілер экскурсия жүргізеді. Қазір Жақсылық Үшкемпіровпен келіссөз жүргізілуде. Шараға астаналықтар мен қала қонақтарын шақырамыз», - дейді Олжас Сыдықбек.
Сондай-ақ, ол Астана тұрғындары мен қонақтарының музейге келу деңгейі туралы айтты.
«Музей 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылған. Биылғы маусым айына дейінгі мәлімет бойынша, музейге 195 мың адам келген. «Музей түні» акциясының өзіне 23 мың адам келді», - дейді ол.
Сұхбат барысында шығармашылығы туралы да әңгімеледі. Алдағы уақытта Елбасы мен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековті сомдайтынын айтты.
Олжас Сыдықбектің сұхбатын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.