Робот құрастыру – әр адамның ой жүйріктігіне байланысты. Робот жасау оңай болғанмен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады.
Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Ұлан-Қасен Төлегенұлы жасаған ақылды роботтың көмегімен жер астындағы металды анықтауға болады.
Өткен жылы ұйымдастырылған I Республикалық роботты техника байқауында жас өнертапқыштың жобасы үздік деп танылған. Ал, биылғы еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар бақ сынаған додада робот-зерттеуші жобасы үздік үштіктің қатарынан көрініп, Катар елінде өтетін халықаралық олимпиадаға жолдама алған.
Жерасты металдарын зерттеуші робот туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.