Суретке қалай әдемі, мінсіз түсуге болады? «Таңшолпан» пайдалы кеңес ұсынады:
- Кез келген жағдайда көзді кең ашып түсу керек;
- Егер суретке иегіңізді ұстап түскіңіз келсе, қолыңыздың ұшын ғана иегіңізге тигізуге тырысыңыз;
- Қолды айқастырған кезде екі қолыңыз да көрініп тұрғаны абзал;
- Пиджактың түймесі міндетті түрде салынбаған болуы тиіс;
- Қолды қалтаға салмай, кеуденің тұсын ұстаңыз;
- Екі қолыңызды жоғарыға көтерген кезде неғұрлым жинақы болсын;
- Фотоға түсуге қарсылық танытсаңыз да, бетіңізді қолыңызбен жаппаңыз.
- Костюмді шешіп түскіңіз келсе, арқаңызға ұстаған жөн.