Бүгін - қазақ сатирасына өлшеусіз үлес қосқан, әзілімен көрерменнің жүрегіне жол тапқан актер, «Тамашаның» тарланы Тоқсын Құлыбековтің туған күні.
«Тамаша» ойын-сауық отауында көпшіліктің көзайымына айналған актер әзіл-қалжың жанрына өз көзқарасын қолтаңба етіп қалдырды.
Айналасын күлкімен көмкеріп жүретін жаны жайсаң Тоқсын Құлыбеков өмірде ашық-жарқын болған. Алайда жайдары жанның ғұмыры келте болды.
Ол 47 жасында дүниеден озды. Бірақ жасаған әрбір бейнесі, бір-біріне ұқсамайтын образдары «Тамашаның» тарихында қалды.
Актердің ғибратты ғұмыры туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.