Ерболат Досаев пен Шейх Ахмед бин Джазим Аль Тани Қазақстан мен Катардың сауда, экономика мәселелерін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерболат Досаев пен Шейх Ахмед бин Джазим Аль Тани Қазақстан мен Катардың сауда, экономика мәселелерін талқылады

19.10.2015
Ерболат Досаев пен Шейх Ахмед бин Джазим Аль Тани Қазақстан мен Катардың сауда, экономика  мәселелерін талқылады

Отырыс барысында Қазақстан мен Катар мемлекетінің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, азаматтық авиация, «Qatar Investment Authority», «Kazakh Infrastructure Fund» кіру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ,  тараптар биылғы жылдың 25-26 қазанындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сапары барысында қол қоюға жоспарланып отырған келісімдердің жобаларын талқылады.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев Катар мемлекетінің Сыртқы істер министрі Халед бен Мухаммед Аль-Аттыйямен келіссөздер жүргізді.

Кездесу шеңберінде министрлер екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты бірқатар мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу