Германия Түркияның Еуропалық Одаққа кіру үдерісінің жеделдетілуіне мүдделі.
Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель, Түркияның Премьер-Министрі Ахмет Давутоглымен кездесуі барысында айтқан.
Агенттікті мәлімдеуінше, Түркия мен Еуроодақ Анкараның Еуропаға
ағылып жатқан босқындар легін тежейді деп келіскен болатын. Қазіргі таңда босқындардың басым бөлігі сириялықтар және олар Еуропаға Греция мен Түркия арқылы келіп жатыр.
Оған жауап ретінде Еуроодақ шенеуніктері Анкараға Еуроодаққа кіру мәселесін созбауға және Түркия азаматтары үшін виза режимін жеңілдетуге уәде берді.
Қыркүйек айында БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі жоғары комиссарының басқармасы Еуропадан пана іздеп, Жерорта теңізінен өткен босқындар санының 500 мыңнан асып, 3 мың адамның із-түссіз жоғалып немесе мерт болғандығын мәлімдеді.
Мигрантардың бағыттары негізінен Түркия арқылы өтуде.