Қытайда «Батылдар көпірі» атты әлемдегі ең ұзын шыны көпір салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда «Батылдар көпірі» атты әлемдегі ең ұзын шыны көпір салынды

19.10.2015
Қытайда «Батылдар көпірі» атты әлемдегі ең ұзын шыны көпір салынды

Бұрын ол жерде ағаш көпір болған, кейінірек бір бөлігін шыныға ауыстырған кезде ол туристердің қызығушылығын тудырған. Сол себепті, саябақ басшылығы көпірді қайта соғып, толықтай шыныдан жасап шықты.

«Shiniuzhai» жобасын іске асыру үшін 11 инженерден тұратын команда жұмыс жасаған. Арxитекторлар мен бас инженердің айтуы бойынша көпір кез-кезген жайсыз ауа-райына төзімді. Шыны сынған күннің өзінде оның астында адамдарға құлап кетуге жол бермейтін сақтандыру тетіктері бар. Көпірде тек арнайы аяқ қаппен (баxил) жүруге болады.

Хабарламаларға жазылу