Оның үстіне әйелдер жұмысты да істеп, лауазымын да өсіріп, жанұясына қамқор болады. Сондықтан, оларға достарымен болмаса жанұясымен демалуға уақыт бөлу қажет.
Тағы бір себеп - В12 дәруменінің жетіспеуі. Жасыңыз ұлғайған сайын В12 дәруменінің жетіспеуінің қауіп-қатері жоғары.Егер сіздің жасыңыз 50-жастан төмен болса сізге балық, ет, ірімшік және жұмыртқаны көбірек пайдаланған жөн. Ал жасыңыз 50-ден жоғары болса онда ас-мөлшерін қосымша биологиялық белсенді В12 дәруменімен байыту керек.
Қалқанша безінің ауытқулары. Күйзелістің белгілері кей-кезде қалқанша безінің белсенді төмендеп немесе жоғарылап кетуінен пайда болады. Мұндай жағдайда дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.
Алкогольді ішімдікті көп мөлшерде ішу. Ішімдікті көп ішетін адамдардың төрттен бір-бөлігі күйзеліске душар болады. Ал, кейбір адамдар керісінше күйзеліске тап болғандықтан ішімдікті көп ішіп кетеді.