Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.
«Сіздің кезекті жеңісіңіз барша отандастарымызды жігерлендірді. АҚШ-тың «Madison Square Garden» аренасында IBF чемпионы канадалық Давид Лемьені жеңу арқылы барша әлемге бокста қазақстандықтарға тең келетін спортышы жоқ екенін тағы да көрсеттіңіз.
Сіздің жеңістеріңіз отандастарымызды рухтандырып отырады. Болашақта жастарымыз Қазақстанның спорттағы абыройы мен атағын еселей түсетініне сенімдімін. Сізге жаңа белестерді еңсеруде табыстар тілеймін!», - делінген Тимур Құлыбаевтың құттықтауында.