Николай Валуев: Менің болжамымша Геннадий 6-шы раундта жеңіске жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Николай Валуев: Менің болжамымша Геннадий 6-шы раундта жеңіске жетеді

17.10.2015
Николай Валуев: Менің болжамымша Геннадий 6-шы раундта жеңіске жетеді

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы Әлем чемпионы ресейлік кәсіпқой боксшы Николай Валуев Головкин-Лемье жекпе-жегіне байланысты өзінің болжамын айтты.

«Давид Лемье нокауттары көп боксшы. Алайда, ол осы уақытқа дейін Головкин сияқты мықты қарсыласпен кездеспеген. Меніңше бұл жекпе-жек ұзаққа созылмайды. Нақты айтпасам да, Геннадий 6-шы раундта жеңіске жетеді деп болжаймын. Егер осылай болса барлығымыз ол үшін қуанышты боламыз», - деді Валуев.
 
Еске сала кетейік, бокс кешін ертең, 18 қазанда, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жекпе-жекті телеарнаның сайтынан онлайн тамашалауға болады.

Хабарламаларға жазылу