Ертең WBA (Super) және WBC (Interim) нұқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы канадалық Давид Лемьемен жұдрықтасады.
WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Григорий Дроздтың пікірінше Давид Лемье Геннадийдің карерьасындағы алғашқы қауіпті боксшы болмақ.
«Давид Лемье физикалық тұрғыдан мықты және ауыр соққылы боксшы», - дейді ресейлік боксшы. «Геннадий Головкинде боксты өте жақсы түсінеді және пікірімше Лемьеге қарсы жақын қашықтықта жұдырықтасады. Сондай-ақ, Геннадий әдетінше жекпе-жекті ұзаққа созбай, қарсыласын нокаутқа жіберуі мүмкін», - дейді Григорий Дрозд.
Еске сала кетейік, бокс кешін ертең, 18 қазанда, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жекпе-жекті телеарнаның сайтынан онлайн тамашалауға болады.