«Таңшолпанда» Серік Ибрагимовтің «Кел маған» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» Серік Ибрагимовтің «Кел маған» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді (ВИДЕО)

16.10.2015
«Таңшолпанда» Серік Ибрагимовтің «Кел маған» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді (ВИДЕО)

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Серік Ибрагимов қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Хабар барысында «Кел маған» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді.

«Бұл әннің жазылғанына 3 жылдан асты. Сөзін – Төреғали Төрәлі және Қайнар Алагөзов жазған. Әні өзімнің жүрегімнен шыққан дүние», - дейді Серік Ибрагимов.

Сондай-ақ, әнші неліктен лирикалық бағытқа бет бұрғанын түсіндірді.  

«Продюсерім Алтынбек Рахметовтың идеясымен  лирикалық бағыт ұстандық. Бұл - басқа қырымнан таныту үшін жасалған жоба. Көңілді әндер әлі де жалғасын табады», - дейді ол.

Серік Ибрагимовтің сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу