Болмашы сылтауға бола, өзі сүйіп отасқан жарын тастап, шаңырағын шайқалтып жатқандар бар. Сондай жандарға қарапайым ғана ауыл тұрғыны Мадияр Мұратбеков – үлгі. Ағамыз нағыз орда бұзар 30-жасында сүйген жары Күлән Қазменова ауырып, төсек тартып жатып қалған.
Содан бері, жиырма жылдан асса да сал боп қалған Күләнді өзі күтіп, баратын жеріне арбасымен сүйретіп жүретін Мадияр ағамыз бүгінде елуден асып, 60 жасқа аяқ басты. Бірақ, әлі күнге «әйелім осындай», деп бір адамға барып мұңын шаққанын ешкім көрген, естіген емес.
«Айтуға Оңай...» бағдарламасын бүгін сағат 20:15-те көріңіз.