Шахаризат Сейдахмет: «Биле, биле» бейнебаяны - жұбайым екеуіміздің қызығушылығымыздан туған жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахаризат Сейдахмет: «Биле, биле» бейнебаяны - жұбайым екеуіміздің қызығушылығымыздан туған жоба

15.10.2015
Шахаризат Сейдахмет: «Биле, биле» бейнебаяны - жұбайым екеуіміздің қызығушылығымыздан туған жоба

Бүгін «Таңшолпанда» әнші, «Қазақстан дауысы - 2013» жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Биле, биле» әнінің бейнебаяны Үрімші қаласында түсірілді. Сол жақтағы қазақ жігіттер қолдау көрсетті», - деді әнші.

Сондай-ақ, ол бейнебаяндағы басты кейіпкер туралы әңгімеледі.

«Жұбайыммен әңгіме арасында бірге ән айтсақ деген ұсыныс болды. Бейнебаян түсіретін шағын орталығымыз, дыбыс жазу студиямыз  бар. Бәрі қолымызда болған соң, өзіміз үшін осындай дүние жасадық», - дейді Шахаризат Сейдахмет.

Ал, болашақта дуэт жалғасын таба ма деген сұраққа былай деп жауап берді:

«Танымал болу – оңай. Халықтың сүйіктісіне айналу – қиын. Азын-аулақ танымалдығымыз бар, бірақ сүйіктісіне айналдым деп айта алмаймын. Ол үшін еңбектену керек. «Өзі сүйікті бола алмай жатып, қалай әйелін алып шығады?» деген әңгіме тууы мүмкін. Бұл – өзіміздің қызығушылығымыздан туған жоба».

Шахаризат Сейдахметтің сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдай  аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу