Қазақ әдебиеті тарихында көркем туындылар мен кемел тұлғаларға бай. Солардың бірі және бірегейі - Сәкен Сейфуллин.
1894 жылы Жезқазған өңірі, бұрынғы Ағадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық ерекшелігі мен қоғамдық-саяси ұстанымын айқындайтын еңбектері жетерлік.
Әрбір туындысы өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар қатарында.
Алаш ардақтысының жолын жалғаған талантты ақындардың бірі - Әбу Сәрсенбаев.
Зейнолла Қабдолов Әбу Сәрсенбаевтың тоғыздан тоқсанға дейінгі саналы өмір жолы – тап-таза адамдық, азаматтық сапар, деп баға берген.
Көрнекті ақын Әбу Сәрсенбаевтың тілімен айтсақ, жастар өмірінің энциклопедиясы болған, өрнегі ерекше, шоқтығы биік шығармалар жазған халық жазушысы Сайын Мұратбеков - Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы құйқалы жер Қоңыр тауының баурайында 1936 жылы 15 қазанда дүниеге келген.
Сайынның туындылары оқиға желісінің шыншылдығымен, тілінің көркемдеу өрнектілігімен, кейіпкерлерінің биік адамгершілік қасиеттерімен, бір сөзбен айтқанда - табиғи нанымдылығымен ерекшеленеді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.