Алмас Өтешов: Жаттығу кезінде күніне жалпы алғанда 7 тоннаға дейін темір көтеремін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алмас Өтешов: Жаттығу кезінде күніне жалпы алғанда 7 тоннаға дейін темір көтеремін (ВИДЕО)

14.10.2015
Алмас Өтешов: Жаттығу кезінде күніне жалпы алғанда 7 тоннаға дейін темір көтеремін (ВИДЕО)

Ауыр атлетші  Алмас Өтешов - 94 келі салмақта ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшы. Жуырда «Таңшолпан» бағдарламасының  тілшісі спортшыны әңгімеге тартып, сұхбаттасқан болатын.

«Күніне екі, кейде үш жаттығу болады. Олимпиадаға жылдың басынан бері дайындалып жатырмыз. Бір жарысқа кемінде 10 ай дайындалу керек», - дейді Алмас Өтешов.

Сондай-ақ, ол күнделікті жаттығу кезінде жалпы алғанда 7 тоннаға дейін зілтемір көтеретінін айтады.  

«Жаттығу кезінде 100, 150 келі зілтемірді бірден көтермейміз. Алдымен массаж, одан кейін дене қыздыру үшін жаттығу жасаймыз. 20 келі тартатын зілтемірден бастаймыз. Содан кейін ғана ауыр салмақ қоса бастаймыз. Есептеп қарасақ, күніне 7 тоннаға дейін темір көтереміз», - дейді ауыр атлетші.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу