Бүгiн облыс әкiмi Сергей Кулагин әрiптестерiне жаңадан тағайындалған өзiнiң жаңа орынбасарын таныстырды. Өңiр басшысы Владимир Николаевичтiң жұмысына сәттiлiк тiледi.
Владимир Балахонцев 1967 жылы туылған, екi жоғары бiлiмi бар, Уральск орман техникалық институтын орман шаруашылығы инженерi мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттiк заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 1991 жылғы сәуiрде Петропавл қаласының орман шаруашылығы кәсiпорнының орманды қорғау инженерi болып бастаған. Осы кәсiпорнының бас орманшысы, кейiн директоры болып еңбек еткен.
2000-2002 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облыстық хайуанаттар және өсiмдiк әлемiн мемлекетiк бақылау аумақтық басқармасының бастығы, кейiн 2002 жылғы желтоқсаннан бастап Солтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы болып жұмыс жасады.
Әр жылдарда Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл және Жамбыл аудандарының әкiмi болды. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары болып қызмет атқарды.
2008 жылдың қарашасы мен 2012 жылғы мамыр аралығында Бурабай ауданының әкiмi, 2014 жылғы маусымнан бастап Солтүстiк-Қазақстан облысы «Заречное» ЖШС атқарушы директоры лауазымында болды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
В.Балахонцев мерекелiк медальдармен де марапатталған.
Еске сала кетейiк, облыс әкiмiнiң бұрынғы орынбасары Дулат Нұрмолдин басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз қызметiнен босаған болатын. Дулат Нұрахметұлы бүгiнде Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.