34 жастағы бас төреші 2010 жылдан бастап, УЕФА аясында өткізілетін матчтарда жұмыс істеп келеді.
Стивен Маклинге отандастары Грэм Стюарт пен Дэвид Макгичи көмектеседі. Төртінші төреші – Стюарт Стивенсон, қосымша төрешілер Кевин Клэнси және Дональд Робертсон.
Латвия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 14 қазан күні Астана уақыты бойынша 00:45-те Рига қаласында «Сконто» стадионында басталады. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.