22 қазанда сағат 10.00-13.00 аралығында Бейбітшілік көшесі 25 мекен-жайы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға көмектесу.
Аталмыш шараға елорданың 20-ға жуық жұмыс беруші мекемелері қатысып, күзетші, есепші, полиграфия мамандары және тағы басқа жұмыс орындарын ұсынады.
Сондай-ақ, бос орындар жәрмеңкесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» әлеуметтік бағдарламасы және басқа да салалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріледі.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада 15 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрып жатыр.