Бүгіннен бастап «Біздің ағай» телехикаясы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап «Біздің ағай» телехикаясы эфирге шығады

12.10.2015
Бүгіннен бастап «Біздің ағай» телехикаясы эфирге шығады

Өмір бойы сүйікті қызметімен айналысып келген  ақсақал зейнетке шығады.

Оқиға Жамбыл облысындағы Шу ауданында өтеді. Туындының басты кейіпкерлері - Жомарт ағаның отбасы және сол отбасының жанына топтасқан ауылдастары. Сондай-ақ, туынды адам жүрегінде туған жер мен елдің ерекше орын алатынын баяндайды.

Туындының негізі әзіл-оспаққа құрылса да, отансүйгіштік, үлкендерге деген құрмет, Отанға, отбасыға деген махаббат тақырыптары кеңінен насихатталады.

«Біздің ағай» телехикаясын  бүгіннен бастап, дүйсенбі-жұма аралығында сағат  21:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу