Ұлттық музейде «Әдемі-ай» компаниясының «Зергерлік өнер» көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде «Әдемі-ай» компаниясының «Зергерлік өнер» көрмесі өтеді

12.10.2015
Ұлттық музейде «Әдемі-ай» компаниясының «Зергерлік өнер» көрмесі өтеді

13 қазан күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы аясында  «Әдемі-ай» компаниясының «Зергерлік өнер» көрмесінің  ашылуы өтеді.

Зергерлік қолөнерлік бұйымдар Қазақ  хандығының  тұсында да ерекше орын алды. «Зергерлік өнер» көрмесіне «Әдемі-ай» өнер музейінің жинағынан антиквар зергерлік бұйымдар қойылған.

Белгілі жинақтаушы, өнертанушы Бахаргүл Төлеген «Әдемі-ай»  өнер музейін 2011 жылы құрған. Қазіргі таңда қоры мыңнан аса, музей экспозициясынан біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырлардағы Құшан патшалығы дәуіріндегі археологиялық артефактілерді және ҮІ-ХІІ ғасырларға жататын сирек кездесететін тарихи туындыларды көруге болады.

Көрмеге «Әдемі-ай» ұлттық кәдесый компаниясының Қазақ хандығының 550-жылдығына арнайы жасаған қолданбалы-сәнді өнер бұйымдары да ұсынылған. Компания тарихи-мәдени құндылық және ұлттық дәстүрді 13 жылдан бері дамытумен айналысып келеді.

Хабарламаларға жазылу