Суыт хабарды университеттің баспасөз қызметі растады.
Марқұмның қай қалада және неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Мақсұт Сұлтанұлы 1940 жылы 30 наурызда Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келген. 1958-59 жылдарыУкраин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды. 1963-66 жылдары Совет Армиясының қатарында әскери борышын өтеді.
1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты (қазір - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
Заң ғылымдарының докторы (1998), құқықтану профессоры (2001), Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі (2001 жылдан бастап). М.Нәрікбаев жоғары класты білікті судья еді, деп хабарлады ҚазАқпарат.