Халықаралық «Новая волна - 2015» байқауына қатысқан қазақстандық әнші Әдемі екінші орынды жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық «Новая волна - 2015» байқауына қатысқан қазақстандық әнші Әдемі екінші орынды жеңіп алды

12.10.2015
Халықаралық «Новая волна - 2015» байқауына қатысқан қазақстандық әнші  Әдемі екінші орынды жеңіп алды

Онда екінші орынды жерлесіміз Әдемі мен индонезиялық әнші Милейн Фернандез бөлісті.

Байқаудың үшінші күні оған қатысушылар үшін өте жауапты әрі күрделі болды. Оның үстіне байқауға қатысушылар жаңа әндерін орындады. Әншілер әділқазылар алқасының мүшелері алдында, өздерінің вокалдық және әртістік қасиеттерін  жаңа қырынан танытуға тырысты, деп жазады Вigmir.net.
Қазақстандық әнші Әдемі мен индонезиялық Милейн Фернандездің өздерінің алған ұпайларына байланысты екінші орынды бөлісулері барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Екі қыз да көрермендерді өздерінің әдемі қимылдары мен мықты вокалдық өнерлерімен тамсандырды. Әншілердің екеуі де 279 ұпай жинады.

Ал, осы байқаудың ең үздік әншісі болып, хорватиялық Дамир Кедзе танылды. Оның тамылжыта орындаған әсем әндерін өнерсүйер қауымды ерекше тебірентіп, әділқазылар ең жоғарғы ұпайларын берді. Нәтижесінде, хорватиялық әнші бірінші орынға лайықты деп табылды.    

 

 

 

Хабарламаларға жазылу