Технология дамыған сайын адамдар ашушаң болып барады – психологтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Технология дамыған сайын адамдар ашушаң болып барады – психологтар

11.10.2015
Технология дамыған сайын адамдар ашушаң болып барады – психологтар

Британия психологтары технология дамыған сайын адамдар ашушаң болып бара жатқанын айтады. Жеке өмір мен жұмыс түсінігі өзгеріп, құндылықтар жоғала бастады. Ал, вирустардың пайда болуы немесе интернет жылдамдығының төмендеуі күйгелектікке әкеліп соғуда, дейді мамандар.

Олардың айтуынша, АҚШ тұрғындарының 90 пайызы гаджеттердің жұмысы ашуын келтіретінін мойындаған. Олар бір-бірімен ұрсысып, айғайлап, тіпті техниканы сындыруға дейін барады.

Алайда өнім шығарушылар кез келген техниканың қолданушыларға түсінікті, ыңғайлы үлгісін жасауға тырысып жатқанын айтады.

Тіпті Финляндияда стрестің алдын алу үшін ұялы телефонды лақтырудан чемпионат ұйымдастырылады екен.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді

Хабарламаларға жазылу