Ойын бастала салып Ұлттық құраманың үздік ойыншыларының бірі Бауыржан Исламхан жарақат алып, ойыннан шығып қалды. Оның орнына 15-минутта алаңға Қазыбек Гетериев кірді. Ойын орта тұсына дейін тең дәрежеде өтті.
Ал, матчтың 33-минутында қонақтар футболшысы Вейналдум айып алаңына кірмей жасаған соққысы есепті 0:1-ге жеткізді. Ойынның соңына дейін екі құрама алма кезек соққы жасағанымен есеп өзгермеді.
Екінші тайымның басынан ойын тізгінін өз қолдарына алған Нидерланд құрамасы 50-минутта есепті 2:0-ге жеткізді. Гол авторы - Уэсли Снейдер.
Осы голдан соң Қазақстан Ұлттық құрамасының футболшылары қарсыластардың қақпасына бірнеше қауіпті соққы жасағанымен, бәрі нәтижесіз аяқталып жатты. Ал, екінші тайымға қосылған 5 минуттың соңғы минутында Исламбек Қуат есепті 2:1-ге қысқартты.
Еске сала кетейік, тура бір жыл бұрын өткен ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Нидерланд құрамасынан 3:1 есбемен ұтылған еді.