Мұндай көлік жүргізушісінің қызметін GPS жүйесіндегі автопилот атқарады. Көліктің қозғалысын бақылап отыру үшін оған арнайы камера орнатылған. Жолдағы түрлі кедергілер арнайы белгі беретін датчиктің көмегімен анықталады.
Робот-көліктің жалғыз кемшілігі оның жылдамдығының аздығында. Көлік небәрі 24 км/сағ жылдамдықпен жүреді және ол ең көбі 6 жолаушыны тасымалдай алады.
Бұл ерекше көліктерді франциялық EasyMile компаниясы құрастырған. Бұндай электроавтобустар Финляндияның Ванта, Швейцарияның Лозанне қалаларында арнайы сынақтан өткізілген.