Елордалық параолимпиадашыларға арнайы арбалар сыйға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық параолимпиадашыларға арнайы арбалар сыйға тартылды

09.10.2015
Елордалық параолимпиадашыларға арнайы арбалар сыйға тартылды

Бұл мерекенің басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсенді әрі толыққанды араласуына ықпал ету.  

Қазіргі таңда Астана қаласында 19 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады, оның  3 мыңға жуығы балалар. 

Бүгін  Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануын қолдау мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.   

Айта кетейік, 2002 жылы құрылған «Қайсар» спорт клубында спорттың 15 түрімен айналысатын 400-ге жуық параолимпиада спортшылары бар.

Осы уақыт аралығында олардың 9-ы «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» болса, 80-ге жуығы «Қазақстан Республикасының спорт шебері». 

Клубтың көптеген спортшылары мүгедек арбалармен қозғалады. Сондықтан, шарада спортшыларға заманауи мүгедектерге арналған арбалар сыйға тартылды. Аталмыш арбалар спортпен айналысуға да,  күнделікті өмірде пайдалануға да ыңғайлы.

 

Хабарламаларға жазылу