Әділбек Көшеров: Интернетте «Асыл арман» кешені бойынша жарияланған байқауға 10 минут ішінде 6000 өтініш түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Көшеров: Интернетте «Асыл арман» кешені бойынша жарияланған байқауға 10 минут ішінде 6000 өтініш түсті

09.10.2015
Әділбек Көшеров: Интернетте «Асыл арман» кешені бойынша жарияланған байқауға 10 минут ішінде 6000 өтініш түсті

Бүгін «Таңшолпан»  бағдарламасында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарушы директоры  Әділбек Көшеров қонақта болып, тұрғын үй алу бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді.

«Біздің қор бойынша берілетін үйдің ай сайынғы төлемі банктерде берілетін ипотекамен салыстырғанда – 40 пайызға дейін төмен. 2014-2015 жылдары беріліп жатқан пәтерлердің  Алматы мен Астана қаласында орташа есеппен алғанда 1620 теңге болады. Ал, Ақтөбе, Тараз қалалары бойынша - 1245 теңге. Мысалы, облыс орталықтарында 35 шаршы метрлік пәтердің айлық төлемі - 40-42 мың.  Ал, Алматы, Астана қалаларында - 56-57 мың теңге. Бүгінде халықтың орташа жалақысы – 112 мыңнан асты.  Сондықтан мұны қолжетімді деп есептеуге болады», - дейді Әділбек Көшеров.

Сондай-ақ, ол интернетте жарияланатын байқау талаптарына тоқталды.  

«Қордың пәтерлерінің бәрі бағдарлама бойынша салынуда. Сондықтан үй бағдарлама талаптарына сай беріледі. Бірінші кезекте тұрғын үй әкімшілікте кезекте тұрған азаматтарға ұсынылады.  Қордың қоятын талабы – төлем жасауға қабілетті болуы. Әкімшіліктерде кезекте тұрғандардың сұранысы болмайтын пәтерлерді интернет арқылы іріктеу жүргізіледі. Мұны өткен жылдың аяғынан бастағанбыз. Жақында Алматы қаласының маңындағы «Асыл арман» кешені бойынша 1800 пәтерге интернет арқылы байқау жарияладық. Оған алғашқы 10 минут ішінде 6000 өтініш түсті», - дейді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарушы директоры.

Сұхбатты «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу