Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай - енді Халықаралық «Абай» сыйлығының тұңғыш иегері. Ақын бұл құрметті халықтың өзіне артқан зор сенімі деп біледі.
«Абай» сыйлығы - тосынсый болды. Былтыр 5 кітабым жарық көрді. Осы еңбегімді таразыға салған шығар. Бұл - мен үшін үлкен сыйлық. Себебі «Абай» сыйлығының тұңғыш иегері атану – екі ақынның бірінің маңдайына жазыла беретін бақыт емес», - дейді Ғалым Жайлыбай.
Сондай-ақ, ол Қазан қаласында өткен XI Түркі халықтарының поэзия фестивалінен түйіп қайтқан ойлары және алған әсерімен бөлісті.
«Фестивальге 23 елден 100-ге жуық ақын қатысты. Қазақстаннан Дәурен Берікқажы және Танагөз Толқынқызы – үшеуміз бардық. Бүгінгі түркі әлемінің мұндай шараларды өткізуі – халықтардың бір-бірін танып, араласуына, әдебиет байланысына септігін тигізеді. Басқасу жоғары деңгейде өтті», - дейді Ғалым Жайлыбай.
Сұхбатты «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.