Нидерланд құрамасының матч алдындағы жаттығуы жанкүйерлер үшін ашық болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланд құрамасының матч алдындағы жаттығуы жанкүйерлер үшін ашық болмақ

08.10.2015
Нидерланд құрамасының матч алдындағы жаттығуы жанкүйерлер үшін ашық болмақ

2015 жылддың 9 қазан күні Қазақстан мен Нидерланд құрамалары «Астана Арена» спорт кешенінде матч алдындағы жаттығуларын өткізеді.

Бұған дейін Юрий Красножан шәкірттерінің жаттығуы жанкүйерлер үшін ашық болатыны хабарланған еді. Енді қонақтардың жаттығуын да жанкүйерлер тамашалай алады.

Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттығуына қызығушылық білдіргендер шығыс трибунаның жоғары бөлігіне орналасады. Жанкүйерлер басқа секторға бара алмайды.

Қазақстан құрамасының жаттығуы 18:30-де басталады. Ал, голландиялық футболшылар «Астана Арена» стадионының алаңына 20:00-де шығады.  

Еске сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Нидерланд матчы 10 қазан күні «Астана Арена» спорт кешенінде өтеді. Матчтың басталуы - 22:00. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу