Елорда полицейлері «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда полицейлері «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізеді

08.10.2015
Елорда полицейлері «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізеді

9 қазанда сағат 10:00-17:00 аралығында Астана қаласы ІІД Әкімшілік полициясы «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесіп қала тұрғындары үшін қоғамдық мәселелер мен жол қауіпсіздік ережелері бойынша қабылдау өткізеді.

Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, аталмыш шараның басты мақсаты полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру мен азаматтардың сенімін арттыру. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын түсіндіруге бағытталған, сондай-ақ, азаматтарға жол қауіпсіздігі бойынша консультативтік және құқықтық көмек көрсетуге негізделген.

«Жолдағы қабылдау» жылжымалы пункті №1 қалалық автобус паркін де қамтиды, қабылдау жұмысына жолаушыларды тасымалдайтын елордалық автопарктің басшылары, қызметкерлер және жүргізушілер құрамы қатысады.

Бұдан бөлек, азаматтарды қабылдау Ішкі істер басқармасының үш ауданында және «Рубеж» бақылау бекетінде өтеді. «Жолдағы қабылдау» акциясы өтетін орындарда әкімшілік полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасы жөнінде халық арасында сауалнама жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу