«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі

08.10.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Ас болсын» бағдарламасының тұсауы кесіледі

Біздің елде жүзден астам ұлыс өкілдері мекен етеді. Ал сол ұлыстардың асханасы - олардың мәдениетінің ажырамас бөлігі екені анық. 

Шығармашылық топ бағдарлама барысында әртүрлі диаспора өкілдерінің асханасымен таныстырып қана қоймай, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрінің ерекше қызықты тұстарын көрермендерге жеткізеді.

Бағдарламаның негізі ретінде екі аспаздың ас әзірлеу сайысы алынады. Оның бірі кәсіпқой, ал екіншісі әуесқой аспаз. Мысалы, осы хабар корей асханасына арналса, әуесқой аспаз корей ұлтының өкілі болады да, екінші сайыскер кәсіби аспаз болады. Арнайы бір мейрамханаға сарапшы мамандар шақырылып жасалған тағамның үздігі анықталатын болады.

«Бағдарламаның жалпы саны - 16, яғни осыншама ұлыс өкілдерінің асханасына арналған бағдарлама жасалады. Жоба соңында ең үздік аспаз марапатталады. Олай болса, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінде 10 қазаннан бастап, әр сенбі күні сағат 10.45-те «Ас болсын» бағдарламасын тамашалаңыздар!»,-делінген «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу