«Әйел бақыты» бағдарламасының тақырыбы – күшік күйеу. Қыз тұрмысқа шыққан соң әдетте жарының ата-анасымен бірге тұрады. Ал, қыздың ата-анасымен бірге тұратын күйеу балалар да жоқ емес.
Күйеу жігіт ата-енесінің қолында тұрып, соларға тәуелді болу қаншалықты қиын? Қалыптасқан дәстүрге жат жағдайға не итермелейді? Кейіпкердің пікірін біліп, бір жанұяның сырын ұғуға «Әйел бақыты» ұжымы тырысып көрмек.
Бағдарламаны сағат 15:00-де тікелей эфирде көріңіз.