Халықаралық Ауыр атлетика федерациясы биыл АҚШ-та өтетін Әлем чемпионатының күнтізбесін жариялады. Шара 20-28 қараша аралығында өтеді.
Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қазақстандық ауыр атлетшілердің дайындығы қандай?
Жаттығу алдында команда дәрігері спортшылардың дене қызуын өлшейді. Одан кейін әрқайсысы күнделікті әдетінше жаттығуға кіріседі. Спортшылардың салмағына қарай жасайтын жаттығулары да әртүрлі болады.
«Бізде жаттығу тоқтамайды. Қала мен база ғана ауысады. Бірақ оқу-жиын жаттығуы үзілмейді. Спортшылардың дайындығын алдын ала жоспарлаймыз. Қай уақытта спортшы қандай деңгейде болатынын есептейміз. Жігіттердің дайындығы жаман емес. Дене жарақаттарынан аман», - дейді ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрамасының аға бапкері Ержас Болтаев.
Ауыр атлетшілердің Әлем чемпионатына дайындығын «Таңшолпаннан» көріңіз.