Қазақстанға Украина Президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Украина Президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді

06.10.2015
Қазақстанға Украина Президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді

9 қазанда Қазақстанға Украина Президенті Петр Порошенко ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты.

Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды, деп жоспарлануда. 

Келіссөздер барысында көмір өнеркәсібі, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын  қарастыру көзделген.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелер бойынша, соның ішінде Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру барысына қатысты пікір алмасады, деп жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу