Гватемалада болған көшкіннің салдарынан 300 адам із-түссіз жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гватемалада болған көшкіннің салдарынан 300 адам із-түссіз жоғалып кетті

06.10.2015
Гватемалада болған көшкіннің салдарынан 300 адам із-түссіз жоғалып кетті

Құтқарушылар Гватемаланың Санта-Катарина-Пинула елді мекені аймағында мерт болған 144  адамның  денесі табылды, деп хабарлайды Риа Новости. 

Осыған дейін 131 адамның көз жұмғандығы айтылған. 

Қайғылы жағдай 1-қазан күні болды және оқиға болған маңда орналасқан төбенің жартысы құлап, 125 үйде топырақ басып қалған.

Қазанның 5-і күні, яғни дүйсенбінің кешінде  мерт болған адамдардың  тағы біразының денелері табылды. Әзірге тірі адамдарды топырақтан алып шығу мүмкін болмай отыр. Ал, осы оқиғаның салдарынан із-түссіз жоғалып кеткендердің  саны 300 адамды құрап отыр.

  

 

 

Хабарламаларға жазылу