Бокстан өтетін Әлем чемпионатын «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарналары тікелей эфирден көрсететін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан өтетін Әлем чемпионатын «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарналары тікелей эфирден көрсететін болды

06.10.2015
Бокстан өтетін Әлем чемпионатын «Қазақстан» мен «KAZsport»  телеарналары тікелей эфирден көрсететін болды

Аталған сында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынбақ.

Әлем чемпионатына дайындықты құрамында қазіргі әлем, Азия және Азиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және жуырда ғана аяқталған Азия чемпионатының жеңімпаздары Олжас Сәттібаев, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Иван Дычко бар Қазақстан құрамасы бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен пысықтаған болатын.

Қазақстан құрамасының толық құрамы:

52 келі - Олжас Сәттібаев

56 келі - Қайрат Ералиев

60 келі- Закир Сафиуллин

69 келі - ДаниярЕлеусінов

75 келі - Жәнібек Әлімханұлы

81 келі -ӘділбекНиязымбетов

91 келі - Василий Левит

+     91 келі - Иван Дычко.

«Қазақстан» ҰТА мен «KAZsport» телеарнасы бокстан өтетін әлем чемпионатын 6 қазан күні басталатын алғашқы айналым сындарынан бастап ақтық сындар өтетін 15-ші қазанға дейін толығымен көрсетпек. 

Алғашқы айналым сындары мен ширек финалдық кездесулер «KAZsport»телеарнасының эфиріне жоспарланған. Ал жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектерді көрермендер «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирінен көре алады, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының баспасөз-қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу