«Біздің ағай» - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Біздің ағай» - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында (ВИДЕО)

04.10.2015
 «Біздің ағай» -  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында (ВИДЕО)

12 қазаннан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 16 бөлімді «Біздің ағай» комедиялық телехикаясы көрсетіледі.

Телехикая зейнеткерлікке шығып, блоггер және жастардың тәлімгері атанған ауыл ақсақалы туралы.

Оқиға Жамбыл облысындағы Шу ауданында өтеді. Хикаяның бас кейіпкерлері  - Жомарт ағаның отбасы.

Жомарт аға - ауылдық мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Өмір бойы сүйікті қызметімен айналысқан ақсақал зейнеткерлікке шығады.

Мұндай адам үйде тыныш отыра алмайтыны белгілі. Аяқ астынан ауылдастарының ақылшысына айналғанын өзі де байқамай қалады...

«Біздің ағай» телехикаясы 12 қазаннан  бастап эфирге шығады. 

Хабарламаларға жазылу