Бүгінде адамдар бос уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді. Ал, америкалық ғалымдар әлеуметтік желінің денсаулыққа зияны бар ма деген мәселеге жауап берді.
Олар әйелдер арасында зерттеу жүргізіп, нәзік жандылардың қанша уақытын әлеуметтік желіге жұмсайтынын анықтады. Сондай-ақ, зерттеу кезінде әйелдер өзге сұлулардың фотосуреттерін тамашалап, өздерінің дене бітіміне көңілі толмайтыны белгілі болған.
«Нәзік жандылар өзгерлердің фотосуреттерін қарап, өз дене бітімінен кемшілік іздеп, салмақ тастауға мәжбүр болады. Осылайша, қатаң диетаның салдарынан, асқорыту жүйесін бұзады», - дейді ғалымдар.