ҚР ҚК ӘҚК әскери қызметшілеріне пәтер кілттері табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ҚК ӘҚК әскери қызметшілеріне пәтер кілттері табысталды

03.10.2015
ҚР ҚК ӘҚК әскери қызметшілеріне пәтер кілттері табысталды

Ғимарат 1982 жылы салынған, онда мерзімді қызмет сарбаздарының жатақжайы орналасқан. Жөндеу жұмыстарын Ақмола аудандық пайдалану бөлімінің күшімен жүргізілді.

«Тұрғын  үй мәселесі әскери қызметшілердің ертеңгі күнге деген сенімділік кепілі. Жеке құрамның қызметте қайтарымы және талпынысы болады, тұрмыстық мәселелерге алаңдамай қойылған тапсырмаларды орындайды», – деп атап өтті ӘҚК бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов.

Жатақхананы пайдалануға беру әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй мәселелерін шешудегі әскери ведомстваның кезекті қадамы болды.

Хабарламаларға жазылу