Әнші, актираса Айгүл Иманбаеваны халық 2001 жылғы «Ұят болмасын» бағдарламасындағы келін образымен таниды. Ол ең алғашқы жеке ән кешін 2007 жылы «Таңғы елес» деген атпен өткізген.
Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері 2011 жылы «А.И» атты жеке драма театрын ашқан. Айгүл Иманбаева көрермендерге Ж.Ануйдің «Медея» трагедиясы мен Ш.Бошпековтың «Темір қатын» комедиясын ұсынып үлгерді.
Айгүл Иманбаеваның ән кешін бүгін 20:05-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.