Елдегі бірқатар әскери мектеп-интернаттары ҚР Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі бірқатар әскери мектеп-интернаттары ҚР Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілді

02.10.2015
 Елдегі бірқатар әскери мектеп-интернаттары ҚР Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілді

Бұдан бұрын мектептер ҚР Білім және ғылым министрлігінің иелігінде болатын. Енді мектептер Б. Момышұлы атындағы ҚР ҚМ Алматы «Жас ұлан» республикалық мектебі, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы ҚР ҚМ Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебі және Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы ҚР ҚМ Шымкент «Жас ұлан» республикалық мектебі болып аты қайта өзгертілді.

Ал бұл әскери мектептердің тәрбиеленушілері ендігәрі ұландықтар болып аталады. Республикалық әскери мектеп-интернаттарында оқу мерзімі екі жыл (10-шы және 11-ші сыныптар).

Онда түсетін жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбын тәмамдаған және негізгі орта білім туралы куәлік алған ер балалар оқуға қабылданады.

Оқушылардың әскери мектептерге түсуге ниеті туралы өтініштерді әскери мектептерге тікелей ата-аналары береді. Бұл әскери мектеп-интернаттары 1983-1984 жылдары құрылды және Суворов мектептерінің үлгісі бойынша құрылған, яғни онда оқушылар әскери киім киіп,  ұйымдық құрылым, әскери тәртіп бойынша өмір сүретін болады.

Бүгінгі таңда түлектердің біршамасы әлем елдерінің жоғары әскери оқу орындарына түсуде, Қарулы Күштерде және Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясының өзге де күштік құрылымдарында қызмет атқаруда және олар ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің командирлері болып табылады, жоғары офицерлік атақтары мен мемлекеттік наградалары бар, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз  қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу