Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, елордада Уәлиханов көшесі мен Омаров көшесі қиылысында жол қозғалысы шектелді. Қалалық басқарманың хабарлауынша, жол қозғалысы қазан айының 8-де қайта іске қосылады.
Аталмыш жол бөлігі инженерлік жүйелерді модернизациялау мен жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу салдарынан жабылды.
Жолдағы кептелістерді болдырмау үшін Астана қаласы ІІД ӘПБ автокөлік иелерін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.